Әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр: 20 мың сарбаз борышын өтеуге аттанады

2024 жылы республикада әскерге шақырылғандар көбейді
Sputnik
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Жыл соңына дейін 20 мың жас сарбаз Қазақстан Қарулы күштері қатарын толықтырады, деп хабарлады Қарулы күштер Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары басқармасы басшысының орынбасары Фархат Айдарбаев.
Қорғаныс министрлігі Қазақстанда 18 бен 27 жас аралығындағы 730 мың ер адам бар екенін анықтады, деді ол.
"120 мың ер адам мерзімді әскери қызметке шақыруға дайын болса, оның 40 мыңы шақырылды", - деді Айдарбаев.
Оның айтуынша, әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруға немесе босатуға негіз жоқтар ғана шақырылған.
Биыл болашақ Отан қорғаушылар мұқият тексеріліп, іріктелді, олардың отбасының құрамы, әскерге жарамдылық санаты, білімі мен мамандығы, жеке ісіндегі құжаттары нақтыланды, әскерге шақырылушылармен әңгімелесу жүргізілді.
Министр Тоқаевқа жауынгерлік дайындық пен әскерге жаңа әдістер енгізу жөнінде баяндады