АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. ТМД елдерінің сыртқы істер министрліктері 2025 жылға арналған ведомствоаралық консультациялар жоспарын бекітті, деп хабарлады Қырғызстан сыртқы істер министрлігі.
"Сонымен қатар сыртқы саясат ведомстволарының басшылары мемлекет басшылары кеңесінің алдағы отырысында бекітуге ұсынылатын бірқатар құжатты мақұлдады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова кеңесте дипломатиялық ведомстволардың басшылары 2024 жылы Ресей төрағалығымен атқарылған бірлескен жұмыстың алдын ала қорытындысын шығаратынын айтқан.
"ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының мәселелері, қауіпсіздік және мәдени-гуманитарлық салаға қатысты мәселелер қаралды", - деп хабарлады Қырғызстан сыртқы істер министрлігі.
ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысын 2025 жылғы 11 сәуірде Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.