Спорт кешендерін салудың орнына легионерлерді ұстауға көп ақша жұмсаған – Антикор

Соңғы 6 жылда спорт саласын қаржыландыруға шамамен 1,4 триллион теңге бөлінген
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туризм және спорт министрлігімен бірлесіп спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді, деп хабарлады Антикор.
Соңғы 6 жылда спорт саласын қаржыландыруға шамамен 1,4 триллион теңге бөлінген.
2018 жылы – 165 млрд теңге,
2019 жылы – 204 млрд теңге,
2020 жылы – 177 млрд теңге,
2021 жылы – 223 млрд теңге,
2022 жылы – 296 млрд теңге,
2023 жылы– 340 млрд теңге.
Бюджеттен ағымдағы және алдағы екі жылға тағы 1,3 триллион теңге бөлу жоспарланған.
Қазақстандық спортқа бөлінетін қаражат Орталық Азия және алыс шет елдер: Канада, Норвегия, Нидерланды бюджеттерінен бірнеше есе артық.
Қазақстан Олимпиада ойындары бойынша медальдық есепте:
2020 жылы – 83 орын (8 – қола),
2022 жылы – 0 медаль,
2024 жылы – 43 орын (1 – алтын, 3 – күміс, 3 – қола).
Дүниежүзілік спорт рейтингінде 2014 жылы 25, 2018 жылы 47, 2023 жылы 42-орынға тұрақтаған.
Себеп – мемлекеттік қаражатты ұтымсыз жұмсау және жүйелі сыбайлас жемқорлық, дейді ведомство.
Антикордың мәліметінше, отандық спортты дамыту саясаты отандық спортшыларды тиімді даярлауға бағытталмаған.
"Тәуелсіздік жылдары Қазақстан олимпиадалық спорт түрлеріне 126 шетелдікті сатып алды, олардың әрқайсысы кейіннен өз еліне оралды. Көбінесе өз таланттарын тәрбиелеудің орнына ақша басқа елдердің ойыншыларына жұмсалады", - дейді антикор.
Сондай-ақ Қазақстанның бұқаралық спортқа жұмсаған шығыстары жоғары жетістіктер спортына қарағанда 9 есе аз, бұқаралық спортқа - 35 млрд теңгеге, ал жоғары жетістікті спортқа 340 млрд теңге бөлінген.
"Мысалы, халқы аз Нидерландыда бұқаралық спортқа жұмсалатын шығындар кәсіби спортқа қарағанда екі есе аз. Бірақ бұл елдің спортшылары Олимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсетуде. Нидерландымен салыстырғанда Қазақстанда жоғары жетістіктер спортына 3 есе көп қаржы бөлінеді, ал бұқаралық спортқа 7 есе аз жұмсайды", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Мысалы, әкімдіктер жыл сайын 20 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шара, күніне орта есеппен 3 іс-шара өткізуге тиіс.
Былтыр спорттың 31 түрінен бірде-бір медаль болмады. 2024 жылы қаржыландырылатын бағыттардың саны 141 түрге дейін өсті. Мәселен, жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан 44 түрді, қысқы спорт түрлері бойынша – 13 түрді дамытады. Жоғары жетістіктер спортының қаржыландырылатын бағыттарының шамамен 60%-і Олимпиадалық емес бағыттарға жатады. Жыл сайын бұл салаларды дамытуға 18 млрд теңге жұмсалады. Былтыр олимпиадалық түрлерге 296 млрд теңге, олимпиадалық емес түрлерге 18, өзге шығыстарға 11 млрд теңге жұмсалған.
"Ал еліміз бойынша 374,2 мың м2 жабық спорт ғимараттары мен 376,4 мың м2 бассейн тапшы. Спорт кешендері мен футбол академияларын салудың орнына спорттық ұйымдар легионерлерді ұстауға көп ақша жұмсады. Мысалы, ең қымбат "Астана" ФК-ның (2018-2023 жылдары 50 млрд теңге, құрылтайшысы – Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Қазспортинвест" АҚ "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" корпоративтік қоры және ҰОК) өз футбол академиясы мен инфрақұрылымы жоқ", - дейді антикор.
2018-2023 жылдары, яғни 6 жылда клуб футбол алаңдары мен үй-жайларды жалға алуға 1,4 млрд теңге жұмсаған.