Шетелдегі барлық референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады

Sputnik
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Шетелдегі барлық 74 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Министрлік мәліметінше, 59 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9976 адамды құрады.
Бұл дауыс берушілердің 81.06% келуін қамтамасыз етті.
Уақыт айырмашылығына байланысты Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Оттава және Бразилиа қалаларындағы учаскелер жұмысы енді аяқталды.
Қазақстанның Ресейдегі елшісі референдумда дауыс беру үшін кезекте тұруға мәжбүр болды