АЛМАТЫ, 7 қазан - Sputnik. Қарағанды облысы Рудный қаласында диірменнің 4 жұмысшысы қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы оқиға 6 қазанда болған.
"112 пультіне Қостанай облысының Рудный қаласындағы тереңдігі 5 метр болатын бункерді тазарту жұмыстарын жүргізу барысында 4 адамның түсіп, қайта оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті", - дейді ведомство.
Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері, полиция және жедел медициналық көмектің қызметкерлері дереу жеткен.
"Құтқарушылар жұмысшылардың денелерін бункерден шығарып алды. Олар қайтыс болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - дейді төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушылардың айтуынша, төртеуі де диірменде жұмыс істеген.