АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. Ресейдің сыртқы барлау қызметінің (СБҚ) басшысы Сергей Нарышкин Батыстың арнайы қызметі Украинаның барлау топтарын Ресей Федерациясындағы атом электр станцияларында арандатуға дайындаған деп мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
Нарышкиннің айтуынша, Батыстың арнайы қызметтері, бірінші кезекте британдық Ми-6 Украинаның диверсиялық-барлау топтарын (ДБТ) бірқатар ресейлік атом электр станциясында, атап айтқанда Ми-6 және Украинаның Бас барлау басқармасы Ресей Федерациясындағы атом электр станцияларын Ресейдің ұлттық энергетикалық жүйесімен байланыстыратын электр тарату желілерін бұзу операциясын әзірледі.
Нарышкиннің Астанада өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшылары кеңесінің 55-ші отырысында сөйлеген сөзінің мәтіні ресейлік сыртқы барлау қызметінің сайтында жарияланды.
“Қолда бар деректер Батыстың арнайы қызметтері, ең алдымен, британдық Ми-6 Украинаның диверсиялық-барлау топтарын Ресейдегі бірқатар атом электр станциясында арандатушылықтарды ұйымдастыруға жүйелі түрде даярлағанын көрсетеді. Атап айтқанда, Ми-6 мен Украина қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы атом электр станцияларын Ресейдің ұлттық электр желісімен байланыстыратын электр тарату желілерін қирату операциясын әзірледі”, - деді Нарышкин.