АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Орталық референдум комиссиясы дауыс беру нәтижесі бойынша АЭС құрылысын көп және аз қолдаған облыстардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін комиссия референдумның алдын ала нәтижесін жариялаған болатын. Оған сәйкес, дауыс берген қазақстандықтардың 71,12 проценті АЭС құрылысын қолдады. Статистикада қолдағандардың қай облыста көп тіркелгені де көрсетілген.
Атом электр станциясын салуды ең көп қолдаған облыстар:
Қостанай облысы – 82,18 процент;
Ұлытау облысы – 80,12 процент;
Қызылорда облысы – 78,34 процент.
Бұдан бөлек, Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында қолдап дауыс бергендер көп болды.
АЭС құрылысын ең аз жақтаған аймақтар:
Алматы – 39,24 процент;
Батыс Қазақстан облысы – 34,2 процент;
Астана – 32,22 процент.
Айта кетері, 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтті. Оған дауыс беруге құқылы 12,2 миллион адамның жартысынан көбі – 7,8 миллион (63,66 процент) қазақстандық қатысты. Осыдан кейін арнайы комиссия атом электр станциясын салатын компанияларды таңдауға кіріседі.