АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. Қорғаныс министрлігі "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" үкімет қаулысын дайындады.
"Әскери қызметке шақырылған азаматтар 24 ай бойы Қарулы күштерде, ҰҚК Шекара қызметінде, ІІМ Ұлттық ұланында және Төтенше жағдайлар министрлігінде офицерлік құрам лауазымдарында қызмет атқарады", - деп жазылған құжатта.
Атап айтқанда, 2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады :
Қазақстан Республикасының Қарулы күштері – 700,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80,
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131,
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі – 4.
Құжат қоғамдық талқылаудан өту үшін 21 қазанға дейін "Ашық НҚА" порталына орналастырылды.