"Жағдай тұрақты": 33 мыңға жуық полиция қызметкері мен әскерилер кезекшілік етіп жатыр

Sputnik
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Қоғамдық мүддерлерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Бекжан Қарамановтың айтуынша, дауыс беру процесі өрескел бұзушылықтарсыз – қалыпты жағдайда өтуде.
"Бүгін прокуратура органдарына республикалық референдумға қатысты өтініштер түскен жоқ. Сондай-ақ қазіргі уақытта сот органдарына да талап арыздар енгізілмеген", - деді спикер.
ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, референдум учаскелеріндегі оқиғаларға уақытылы ден қою үшін әрбір ауданда мобильді жедел-тергеу топтары құрылды.
"Полицияның жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камераларының көмегімен референдум учаскелеріне іргелес аумақтарды бақылау күшейтілді. Жалпы, қазіргі уақытта референдум учаскелеріндегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ", - деді ІІМ ресми өкілі.
Ел бойынша қоғамдық тәртіпті сақтауға 33 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды. Оның ішінде, 18 мың полиция қызметкері 10 мыңнан астам референдум учаскесінде қызмет атқаруда. Оның айтуынша, басшы және командалық құрамның тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды.
"Қазіргі уақытта, қоғамдық тәртіптің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, референдум учаскелерінде алдын ала комиссиялық тексерулер жүргізілді. Олардың техникалық талаптарға сәйкестігі, өртке қарсы қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қорғалуы қаралды. Бұл нысандардың барлығы тәулік бойы күзетке алынды", - деді спикер.