Референдумға қатысуға құқылы азаматтардың 57 пайыздан астамы дауыс берді

Сағат 14.00-ге дейін қазақстандықтардың жартысынан астамы өз таңдауын жасап үлгергендіктен референдум өтті деп танылған болатын
Sputnik
АСТАНА, 6 қазан - Sputnik. Сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша АЭС салу бойынша референдумға дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың 57,68 пайызы қатысты. Бұл туралы комиссия өкілі Анастасия Щегорцова хабарлады.
Абай облысында – 58,12%
Ақмола облысында – 63,50%
Ақтөбе облысында – 68,41%
Алматы облысында – 64,09%
Атырау облысында – 56,61%
Батыс Қазақстан облысында – 60,82%
Жамбыл облысында – 53,58%
Жетісу облысында – 58,86%
Қарағанды ​​облысында – 62,86%
Қостанай облысында – 67,57%
Қызылорда облысында – 76,15%
Маңғыстау облысында – 47,70%
Павлодар облысында – 58,70%
Солтүстік Қазақстан облысында – 60,15%
Түркістан облысында – 70,73%
Ұлытау облысында – 63,85%
Шығыс Қазақстан облысында – 68,33%
Астанада – 46,30%
Алматыда – 20,57%
Шымкентте – 66,48%
Қазақстандықтардың 51,77%-ы дауыс берді: референдум ресми түрде өтті деп танылды