Референдум: прокуратура екі заң бұзушылықты анықтады

Sputnik
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Дауыс беру күні прокуратура екі заң бұзушылықты анықтады.
Бір адам қоғамдық пікірге сауалнама, екіншісі заңсыз үгіт жүргізген.
"Екеуі де өз кінәсін мойындады, екеуіне де айыппұл салынды", - деді Бас прокуратураның өкілі Бекжан Қараманов.
Еске сала кетейік, сағат 16:00-ге дейін АЭС салу бойынша референдумда дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың 57,68 пайызы өз таңдауын жасады.
Референдумға қатысуға құқылы азаматтардың 57 пайыздан астамы дауыс берді