АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ғимаратында орналасқан N397 сайлау учаскесінде дауыс беру жүзеге асырылып жатыр.
Жексенбі күніне қарамастан, Мәскеуде сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Келушілерге ыстық шай мен бауырсақ ұсынылады.
Тіпті елшілік дәліздерінде кезек пайда болды. Тіпті Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевқа да дауыс беру кезегін күтуге тура келді.
Мәскеудегі дауыс беру учаскесі
© Sputnik
Республикасының азаматтары Мәскеудегі ҚР Елшілігі мен Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омбы қалаларындағы ҚР Бас консулдықтарында ашылған сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдумда дауыс береді.