АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы сайлау учаскесіне дауыс беруге келді.
Ол қазақстандықтарға бір ауыз сөзбен жылы лебізін білдірді.
"Бақытты, табысты болыңдар", - деді Назарбаев.
Еске салсақ, бүгін қазақстандықтар елде атом электр стансасының құрылысына қатысты маңызды шешім қабылдайды.
Республикалық референдумға бір ғана мәселе шығарылады. Бюллетеньде "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұрақ болады. Оған "иә" немесе "жоқ" деп жауап беру керек. Ал АЭС салатын компаниялар көрсетілмейді. Себебі атом электр станциясы салына ма, жоқ па, әзірше белгісіз. Оны халықтың таңдауы, яғни алдағы референдум көрсетеді.
Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 12 244 683 адам референдумда өз дауысын беруге құқылы.