АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысында "Шопандар тойы" өтті, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Оған Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қылыбай, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, сала ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Маңғыстау облысында "Шопандар тойы" өтті
© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігі
АШМ Мал шаруашылығы департаментінің директоры Хасым Итқұсов шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, облыс мал шаруашылығында ерекше орын алатын ат шаруашылығын, түйе шаруашылығын және қой шаруашылығын дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті.
Маңғыстау облысында "Шопандар тойы" өтті
© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігі
Сондай-ақ шара барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі атынан сала ардагерлері мен облыс ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері "Еңбек ардагері", "Ауыл шаруашылығының үздігі" төс белгілерімен және "Құрмет" грамоталарымен марапатталды.
Іс-шараның соңында ұлттық ойындар мен жарыстар өткізілді.