АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Халықаралық бақылаушылар референдум кезінде ешқандай заң бұзушылықты тіркеген жоқ, деп мәлімдеді ТМД бақылаушысы Леонид Анфимов.
Жалпы референдумға ТМД-дан 74 халықаралық байқаушы қатысуда. Олар Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның өкілдері.
ТМД елдерінің бақылаушылары Астана, Алматы және Шымкентте, сондай-ақ Қазақстанның басқа 6 облысында жұмыс істейді. Басқа аймақтарда мониторингті екіжақты негізде Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Түркі мемлекеттері ұйымының және мемлекеттердің бақылаушылары жүзеге асырады.