Дала өрті салдарынан төрт адамды күйік шалды

Sputnik
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Қарағанды ​​және Павлодар облыстарындағы дала өрті 3 мың гектар аумаққа шарпыды. Төрт адамды күйік шалды.
Өрт Қарағанды ​​облысы Қоянды ауылының маңынан шықты – онда құрғақ шөп өртенген.
Өртті сөндіру кезінде үш өрт сөндіруші мен бір ауыл тұрғынын күйік шалды, олар Қарағандыға тікұшақпен жеткізілді.
Күндізгі уақытта өрт Баянауыл ұлттық паркінің аумағына өткен.
Желтау ауылының тұрғындары – 18 адам, оның ішінде сегіз бала эвакуацияланды.
Өрт орнында Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов жүр. 56 бірлік техника мен 4 тікұшақ жұмылдырылған.