Астанадағы референдум учаскелерінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Sputnik
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Елордалық референдум учаскелерінде қала тұрғындары үшін ерекше акция ұйымдастырылды. Бұл бастама, әсіресе ата-аналарымен бірге келетін балалар үшін мерекелік және достық көңіл күй сыйлауға бағытталған, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
Астанадағы референдум учаскелерінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Кәсіби суретшілер бүлдіршіндерге түрлі-түсте жануарлар мен кейіпкерлерді бейнелеп бере алады. Бұл ата-аналардың дауыс беруі үшін уақыт бөлудің тамаша тәсілі болды.
"Бүгінгі күн біз үшін ерекше болды. Сайлау учаскесіне балалармен бірге еліміздің болашағына үлес қосу үшін келдім. Балалар аквагримге қуанады әрі осындай жарқын және түрлі-түсті суреттер көңіл күйді көтереді. Бұл жай ғана дауыс беру емес, бұл нағыз отбасылық мереке", - деді елорда тұрғындарының бірі өз әсерімен бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада таңертеңгі сағат 7-ден бастап 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.