АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Астанадағы №2 сайлау учаскесінде бақылаушы процестен шеттетілді. "Еркіндік қанаты" үкіметтік емес ұйымының өкілі Р. Садықовтың сайлау процесін бұзғаны хабарланды.
"Ол сайлаушылардың жеке деректері бар тізімдерді бейнетаспаға түсіріп алған, бұл жеке деректерді қорғау туралы заңнаманы өрескел бұзу болып табылады және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қайшы келеді", - деді учаскелік комиссия төрағасы Хорлан Ташатова.
Сонымен қатар, Садықов басқа бақылаушылардың жұмысына кедергі келтіріп, комиссия мүшелерімен дауласып, тәртіпті бұзып, дауыс беру процесін қиындатқан.
Осы фактілерге қатысты акт жасалып, бақылаушыны шеттету туралы шешім қабылданды.