Ресей зиянкестердің кесірінен Қазақстаннан қауын әкелуді тоқтатады

Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау мекемесі осы мәселемен Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігіне жүгінді
Sputnik
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Ресей зиянкестерге байланысты Қазақстаннан қауын импортын тоқтатады, деп хабарлайды Sputnik Ближнее Зарубежье.
Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау мекемесі Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігіне 7 қазаннан бастап қауын импортын тоқтатуды сұрап сауал жолдады.
Бұған өнімдерде бірнеше рет кездескен зиянкес – қауын шыбыны Myiopardalis pardalina (Bigot) табылуы себеп.
"Бұл шыбыннан келетін ықтимал шығын шамамен 250 миллион рубльді (2,7 миллион доллар) құрауы мүмкін", - деп хабарлады Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау ведомствосы.
Қазақстан Германияға тауардың 100 түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайтуға дайын – Тоқаев