Ауыл шаруашылығы нарығын цифрландыру ЕАЭО үшін өзекті мәселе – ЕЭК министрі

Мәскеу – Минск – Ереван – Бішкек – Астана – Ташкент бейнеконференциясы барысында ЕЭК министрі Гоар Барсегян ІІІ Еуразиялық экономикалық форумның қорытындыларын мәлімдеді
Sputnik
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян ауыл шаруашылығы нарығын цифрландыру ЕАЭО үшін өзекті мәселелердің бірі екенін айтты.
Оның айтуынша, ЕЭК одақтың барлық елі үшін келісілген аграрлық саясатты жүргізеді және олардың бір-бірімен ынтымақтастықты дамытуға көмектеседі және ЕАЭО-ның барлық даму бағдарламасы осыған бағытталған.
"Бізде келісілген агроөнеркәсіптік саясат бар. Қазір біз әріптестерімізбен бестік аясында осы саланың интеграциясын тереңдету мүмкіндіктерін талқылап жатырмыз", - деді министр.
Сондай-ақ ол форум аясында одақ елдері ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамыту мәселесін де талқылағанын айтты.
Одақ елдеріндегі өнеркәсіптік кооперация бағдарламасы да белсенді дамитын болады. Белгілі болғандай, аталған бағдарлама аясында қазақстандық жобалар алғашқылардың қатарында жүзеге асырылуы мүмкін.
Гоар Баргесян Ресейде Қазақстан мен Беларусьтің қатысуымен екі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты. Қазақстан Республикасынан тағы бір өтініш келіп түскен.
"Біз бұл бағыттар бойынша жұмысты енді бастап жатырмыз. Бірінші жоба – титан полимерін шығаратын зауытты қосалқы жүйелерді, кешендерді, желілерді, қосалқы бөлшектерді қоса алғанда жабдықтармен қамтамасыз ету", - деді ол.
Екіншісі – ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды ұйымдастыру. Үшіншісі – өндірістік қуаттарды құру.
Оның айтуынша, қазір бұл жобалар сараптамадан өтіп жатыр. Оларға қатысты шешім желтоқсан айында қабылданады.