Астанадан Қызылордаға қосымша әуе рейстері іске қосылады

Рейстер аптасына 5 рет канадалық әуе кемесімен орындалады
Sputnik
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. QAZAQ AIR әуе компаниясы 10 қазаннан бастап Астанадан Қызылордаға қосымша рейстерді іске қосады, деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Енді рейстер аптасына 5 рет канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 жаңа генерацияланған әуе кемесімен орындалады.
Рейстердің кестесі мынандай:
Сейсенбі, жұма және жексенбі күндері:
IQ 425 Астана (17:15) – Қызылорда (19:10)
IQ 426 Қызылорда (19:40) – Астана (21:20)
Дүйсенбі күндері:
IQ 425 Астана (18: 00) – Қызылорда (20: 00)
IQ 426 Қызылорда (20:40) – Астана (22:30)
Бейсенбі күндері:
IQ 425 Астана (13:30) – Қызылорда (15:40)
IQ 426 Қызылорда (16:10) – Астана (18: 05)
"Ішкі бағыттар бойынша маршруттарды кеңейту – еліміздің экономикалық дамуына ықпал етіп, жолаушылар үшін әуе тасымалының қолжетімділігін арттырады, сонымен қатар, өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі. Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы біздің басты басымдықтарымыз болып қала береді", – деп хабарлады компаниядағылар.
QAZAQ AIR – Қазақстанда және көрші мемлекеттердің шекаралас аумақтарында өңіраралық әуе қатынасының қолжетімділігі үшін ұйымдастырылған маршруттық желісі бар қазақстандық әуе компаниясы.
Қоғам
​​Милан мен Астана арасындағы жаңа рейс іске қосылды