ҰҚШҰ мемлекеттерінің делегациясы Алматыдағы Даңқ мемориалына гүл шоғын қойды

Sputnik
АСТАНА, 4 қазан - Sputnik. ҰҚШҰ мемлекеттерінің делегациясы Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Даңқ мемориалына гүл шоғын қойды.
ҰҚШҰ мемлекеттерінің делегациясы Алматыдағы Даңқ мемориалына гүл шоғын қойды
Салтанатты рәсімге Қазақстанның қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Таалатбек Масадықов, ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы, Ресей Федерациясының батыры Андрей Сердюков және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері қолбасшылығының өкілдері қатысты.
ҰҚШҰ мемлекеттерінің делегациясы Алматыдағы Даңқ мемориалына гүл шоғын қойды
Естеріңізге сала кетейік, "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы Алматы облысында өтіп жатыр. Оған 2000-нан астам әскери қызметші, 500 бірлік бронды және автомобиль техникасы, Ми-17, Ми-35 тікұшақтары, Ил-76 және Си-295 ұшақтары және пилотсыз авиация қатысуда.