АСТАНА, 4 қазан - Sputnik. Үкіметте Алатау қаласын дамыту жөніндегі жобалау кеңсесінің бірінші отырысы өтті, оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы Алатау қаласын құру қарқынын жеделдету міндетін қойды. Осы аптада премьер-министрдің өкімімен жобалау кеңсесі құрылды. Ол жетекшілік ететін салалар бойынша дербес жауапкершілікті айқындай отырып, жобалық тәсіл негізінде негізгі шешімдер қабылдауға арналған алаңға айналады. Қаланы құрудың алғашқы нәтижелері дәл 6 айдан кейін ұсынылуы керек. Бастапқы мәре – бүгін", — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.
Жобалау кеңсесі отырысына қатысушылар заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу және инвесторлар тарту рәсімдерін жеңілдету сынды негізгі жұмыс бағыттарын анықтады.