АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы нысан аумағындағы ақылы автотұраққа көлік қаңтару құны артатынын ескертті.
"Сіздерді 2024 жылғы 15 қазаннан бастап қызмет көрсетуші компания "Smart Parking Technologies" ЖШС-ның қосымшада көрсетілген бағаларға сәйкес тұрақ орнын жалға беру қызметі үшін тарифтік жоспары өзгергені туралы хабардар етеміз", - деп жазылған әуежайдың әлеуметтік желіге жарияланған хабарламасында.
Мәлім болғандай, мұндай шешім тұрақ аймағының, жабық паркингінің, әуежайдың экспресс желісі мен бірінші жолағының инфрақұрылымын жақсарту және жолаушыларға қызмет көрсетуді тиісті деңгейде ұстау үшін қабылданды.
Сондай-ақ объектіні ұстауға жұмсалатын шығыстардың ұлғаюына, оның ішінде 2024 жылға арналған коммуналдық қызметтердің тарифтер және инфляцияның өсуіне байланысты.