Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина USAID агенттігінен бір миллиард доллар алады

Sputnik
АСТАНА, 3 қазан - Sputnik. Украина АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінен (USAID) 1 миллиард доллар алады, ол қаражаттың 825 миллион доллары елдің энергетикалық жүйесін қолдауға және қалпына келтіруге жұмсалады, деп хабарлады энергетика министрі Герман Галущенко.
"Бүгін USAID әкімшісі Саманта Пауэр Украинаның энергетикалық секторын қолдауға 825 миллион доллар бөлетінін хабарлады", - деп министрліктің баспасөз қызметі Галущенконың сөзінен үзінді келтірді.
Украиналық УНИАН агенттігінің мәліметінше, көмектің жалпы сомасы 1 миллиард долларды құрайды. Оның 275 миллионы Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталады. Агенттік сонымен қатар украиналықтарды оңалту бойынша бес жылдық бағдарламаны іске қосты, оны жүзеге асыруға 13 миллион доллар бөлінеді, деп хабарлады БАҚ-тың Telegram арнасы.
Тамыз айында Украинаның экономика министрі Юлия Свириденко Украина билігі АҚШ-қа энергетика саласын қалпына келтіруге қажетті құрал-жабдықтардың тізімін тапсырғанын және бүлінген энергетика секторын қалпына келтіру үшін 800 миллион доллар көлемінде көмек алады деп күткенін хабарлады.