Тоқаевтың атынан судьялардың кандидатурасын ұсынған басшы өзі судья болды

Сенат депутаттары Денис Шипті Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы қаулыны бірауыздан қабылдады
Sputnik
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Сенат депутаттары Денис Шипті Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Шип Жоғары сот кеңесінің төрағасы болған. Осы қызметте президенттің атынан сенаттың қарауына Жоғарғы сот судьяларының кандидатураларын ұсынып жүрген. Жақында оның орнына Дмитрий Малахов барды. Ал Шипті президент Жоғарғы сот судьясы қызметіне ұсынды. Бүгін Жоғары сот кеңесінің жаңа басшысы сенатта Тоқаевтың ұсынысын жариялады.
Сенат депутаттары Денис Шипті Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.
Айта кетері, заң бойынша Жоғарғы сот судьялары президенттің ұсынысымен сенатта сайланады.