АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Өз кезегінде Мұрат Нұртілеу министрліктің атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді. Сондай-ақ Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының жұмысы, Болашақ саммитінің қорытындысы жөнінде баяндады.
Сыртқы істер министрі сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен келіссөз жүргізгенін айтты.
Кездесуде Қазақстан президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін халықаралық іс-шаралардың кестесі қарастырылды.
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне ведомство қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.