Қашаған кен орны уақытша жабылады

Sputnik
АЛМАТЫ, 3 қазан – Sputnik. Қашаған кен орны жөндеу жұмыстары жасалатындықтан 7 қазанда жабылады, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Ведомствоның айтуынша, жөндеу бір ай жүргізіледі.
"Қашаған кен орнында жөндеу жұмыстары 7 қазанда басталып, 30 күнтізбелік күнге созылады", - дейді энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Қашаған кен орны 2000 жылдың маусымында "Восток-1" ұңғымасы негізінде пайда болғн. Ол - теңіздегі ең ірі мұнай кен орны. Қашағанның батыс бөлігі 2001 жылы, Оңтүстік-батыс Қашаған 2003 жылы ашылған.
Қашағанның геологиялық қоры 4,8 млрд тонна мұнай деп бағаланып отыр. Жалпы мұнай қоры 38 млрд баррельді құрайды, оның ішінде өндірілетін қорлар - 10 млрд баррель. Табиғи газдың қоры - 1 трлн шаршы шақырым.