Павлодар облысында ерлі-зайыптыға иіс тиді: әйел көз жұмды

Sputnik
АЛМАТЫ, 3 қазан – Sputnik. Павлодар облысы Черноярка ауылында бір отбасы ысқа уланып қалды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы оқиға 1 қазанда болған.
"Құтқарушыларға хабарлама сағат 15.53-те келіп түсті. Қатты отынмен жылитын пеш дұрыс істемеген. Салдарынан 1984 жылы туған ер адам ауыр дәрежедегі көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жатқызылды. Оның 1990 жылы туған әйелі сол жерде қайтыс болды. Оларды туыстары тауып алған", - дейді ведомство.
Ер адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті пешті жылыту кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.