Астанада жаңа экспресс-автобустар желіге шығады

Sputnik
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Астанада 6 қазанда жаңа №501 және №502 экспресс-бағдарлары желіге шығады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Экспресс-бағдарлардың жұмысы жылдам жетуге әрі ыңғайлылыққа, сол сияқты жол жүру уақытын азайтуға және елордада жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға бағытталған.
Бағдарлар бағыты:
№501 экспресс-бағдар – Абайдың 150-жылдығы к-сі – Халықаралық әуежай;
№502 экспресс-бағдар – Теміржол вокзалы – "Бағыстан" ТК қатынасымен жүреді.
Әр бағыт бойынша 8 автобус қызмет көрсетеді, жалпы саны 16 автобус болады. Қатынау жиілігі 14-20 минут.
Жол жүру құны – 250 тг.
Экспресс-бағдарларға келесі айлық жол жүру тарифтері жарамды:
"Қала+Экспресс" - 10 000 тг.
"Қала+Экспресс+Қала маңы" - 13 500 тг.
Айта кетейік, айлық жол жүруді сатып алу 16 қазаннан бастап қолжетімді болады және олар 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап әрекет етеді.
Экспресс бағдарлар елорданың негізгі көлік-тасымалдау хабтарын және әлеуметтік маңызы бар объектілері арқылы жүреді. Олардың жүру сызбаларымен CTS Instagram парақшасында Tаplink арқылы танысуға болады.
Экспресс-бағдарлардың жұмысы туралы ақпарат @cts_kz парақшасында жарияланады.
Автобустардың қозғалысын "Avtobys", 2ГИС және Яндекс Карты қосымшалары арқылы бақылауға болады.