АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Арменияда электронды темекіге бақылау белгілері енгізіле бастайды. Тиісті қаулы бейсенбі күнгі үкімет отырысында қабылданды, деп хабарлады Sputnik Армения.
2023 жылдың наурыз айынан бастап Арменияда бақылау белгілері қарапайым темекілерге қолданылды, бірақ жаңа шешім ол белгілерді электронды темекінің түрлеріне де енгізіледі.
Бүкіл ЕАЭО аумағында сәйкестендіру таңбаларының бірыңғай стандарты енгізілді және тауарлардағы бақылау жапсырмаларын кезең-кезеңімен ауыстыруы керек. Бақылау таңбалары тауардың белгілі бір партиясын ғана емес, сонымен қатар әрбір өнімді жеке анықтауға мүмкіндік береді.