АЛМАТЫ, 3 қазан – Sputnik. Алматы облысы Боралдай ауылында әйел туған баласын өлтірді деген күдікке ілінді. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша әйел өзінің мүгедек баласын ұрып өлтірген.
"Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды", - дейді облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта қылмыс тексеріліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.