Түнде 2-8 градус аяз болады: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның басым бөлігіне өз ықпалын тигізеді
Sputnik
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қазгидромет 3-5 қазанға жасалған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жаңбырлы болады.
Кезекті солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның басым бөлігіне өз ықпалын тигізеді, ауа райы салқындайды және негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
3 қазанда оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар).
Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында түнгі уақытта ауа температурасы 2-8 аязға дейін төмендейді.
Қар аралас жаңбыр жауады: қазанда ауа райы қандай болады