АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Бейжің Батыстың өз үстемдігін орнатуына қарсы және Украинаға деген көзқарасында осыны басшылыққа алады, деп хабарлады РИА Новостиге екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 75 жылдығына орай берген сұхбатында Ресейдің Қытайдағы елшісі Игорь Моргулов.
"Бейжіңнің Украинадағы жағдайға қатысты теңгерімді көзқарасы Батыстың кез келген жерде өзінің гегемониясын таңуын, басқа елдердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру есебінен өзінің қауіпсіздігіне қол жеткізуге ұмтылуын және әлемді соғысушы блоктарға бөлуін қабылдамаумен байланысты. Бұл мәселеде Ресейдің және Қытайдың көзқарастары сәйкес келеді", - деді Моргулов.
2 қазанда Ресей мен Қытай дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 75 жыл толады. Кеңес Одағы Тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін келесі күні Қытай Халық Республикасын таныған бірінші ел болды.