Астананың бас санитариялық дәрігері тағайындалды

Бұрынғы бас санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова жақында басқа қызметке тағайындалған болатын
Sputnik
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Айгүл Шағалтаева Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
2 қазан күні Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова жаңа басшыны ұжымға таныстырып, әрі қарай қызметіне табыс тіледі.
Айгүл Шағалтаева 1968 жылдың 26 шілдесінде Қарағанды облысында дүние келген.
1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын гигиенист-эпидемиолог дәрігері мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1993 жылы Ақмола қаласы санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері болып бастады.
1998 жылдан 2001 жылға дейін Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық бөлімінің меңгерушісі;
2001 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының санитарлық дәрігері;
2003 жылдан 2005 жылға дейін Астана қаласы медициналық колледжісінің оқытушысы;
2005 жылдан 2007 жылға дейін Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің құрылыс және объектілерді қайта құру бөлімінің бас маманы;
2007 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің емдеу профилактикалық объектілерге бақылау және дезинфекциялау, стерилизациялау іс-шараларын жүргізу бөлімінің бастығы;
2014 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің ішкі ауруханалар инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы;
2017-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары;
2019 жылдан бастап "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Астана қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті" басшының орынбасары болды.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер тағайындалды