Астанада келесі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 12-13 қазанда өтеді: төрт өңір өнім ұсынады

Sputnik
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Елімізде өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 12-13 қазанда өтеді. Өз өнімдерін Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Жетісу өңілерінен келген аграрлар ұсынады.
Олар ет, сүт өнімдері, жемістер мен көкөністер, бал және басқа да тауарлар әкеледі.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жәрмеңке Қарқаралы тас жолындағы "Қазанат" ипподромына қарама-қарсы орында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңкелерді өткізу кезеңінде № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қатынайды. Жәрмеңкелер 27 қазанға дейін өтеді.
Әлеуметтік азық-түліктің сауда үстемесін арттырғандарға жаза қатаңдатылады