АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Елімізде ақылы автотұрақтардың бағасы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады Qazaqstantv.
Оның сөзінше тұрақ ақысы күні бойы әртүрлі болуға тиіс. Яғни күндіз арзандау, ал таңғы және кешкі қарбалас кезінде керісінше қымбатырақ болуы керек.
"Әрі тұрақтардан түсетін табыстың 90 пайызы бюджетке аударылуға тиіс. Ал қазір бұл көрсеткіш небары 30 процент. Қалған 70 пайызы жеке компанияның қалтасына кетіп жатыр. Сондықтан заңға тиісті түзетулер әзірленіп жатыр", - дейді депутат.