Қар аралас жаңбыр жауады: қазанда ауа райы қандай болады

Қазгидромет 2024 жылдың қазан айына жасалған ауа райы болжамын жариялады
Sputnik
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Қазанның бірінші онкүндігінде еліміздің солтүстік жартысында, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр жауып, соңы жабысқақ қарға ұласады.
Республиканың көп бөлігінде жел 15-25 м/с дейін күшейеді деп болжанып отыр. Кей күндері антициклонның әсерімен жауын-шашын тоқтауы мүмкін, деп хабарлады Қазгидромет.
Бірінші онкүндіктің басында ауа температурасы төмендейді:
республиканың батысында түнде +3+12°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +18+27°С-тан +13+22°С-қа дейін;
солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста түнде 0,+8°С-тан -1-6°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +5+13°С-қа дейін.
Елдің қалған аумағында ауа температурасының ауытқиды:
оңтүстік-батыста, оңтүстікте түнде +10+18°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +23+28°С-тан +20+25°С-қа дейін;
оңтүстік-шығыста түнде +5+13°С-тан +10+15°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +15+20°С-қа дейін.
Бірінші онкүндіктің соңында республика бойынша қайтадан ауа райы жылынады, солтүстік бөлігінде ауа температурасы +10+18°С-қа дейін, ал оңтүстік және батыс бөлігінде +20+28°С-қа дейін жылынады.
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде ауа райы тұрақсыз болады деп болжануда - жаңбыр, қар аралас жаңбыр, екпінді жел, көктайғақ және тұман түседі. Республиканың оңтүстік жартысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, дегенмен фронттардың күшеюіне байланысты кей күндері жауын-шашын көбінесе жаңбыр түрінде түседі.
Ауа температурасы ауытқиды:
батыс аймақтарда түнде -2+6°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз +13+23°С-тан +3+12°С-қа дейін;
республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнде +3+10°С-тан -1-10°С-қа дейін, күндіз +10+20°С-тан -2+5°С-қа дейін;
оңтүстікте, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста түнде +3+11°С-тан -1-6°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +8+18°С-қа дейін.