ЕАЭО елдері экономикасының өсу қарқыны орташа әлемдік деңгейден жоғары – Мишустин

ЕАЭО құрылған 10 жыл ішінде интеграциялық жоба ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді
Sputnik
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Одақ елдері экономикасының өсу қарқыны орташа әлемдік деңгейден асып түседі. Қауымдастық халықаралық аренада барған сайын танымал бола түсуде. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысында Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин айтты, деп хабарлайды форумның баспасөз қызметі.
Мишустин ЕАЭО құрылған 10 жыл ішінде интеграциялық жоба ретінде өзінің тиімділігін дәлелдегенін айтты. Белгіленген өзара әрекеттесу моделі тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күші қозғалысының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Ресей президенті Владимир Путин ЕАЭО-ның қалыптасып келе жатқан көпполярлы әлемнің қуатты, өзін-өзі қамтамасыз ететін полюстерінің біріне айналуға толық мүмкіндігі бар екенін айтты.
ЕАЭО елдерінің ведомстволары арасында деректер мен электронды құжаттарды сенімді мемлекетаралық тасымалдауды қамтамасыз ету үшін интеграцияланған ақпараттық платформа әзірленуде. Алдағы уақытта оған басқа да мүдделі мемлекеттер қосыла алады.
Одақтың технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ету маңызды міндет болып қала береді. Ол үшін технологияның экономикаға, әлеуметтік салаға және мемлекеттік басқаруға ену қарқынын арттыру қажет. Михаил Мишустиннің айтуынша, бұл жүйелі міндеттерді өзіндік әзірлемелерге сүйене отырып, бірлескен күш-жігер арқылы ғана шешуге болады.