Бектенов: ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесін толыққанды енгізу қажет

Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына және үшінші Еуразия экономикалық форумына қатысты
Sputnik
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Ереван қаласындағы үшінші Еуразия экономикалық форумында ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесін толыққанды енгізу қажеттігін атап өтті.
Оның айтуынша бұл елдер арасында мемлекетаралық деректер мен электронды құжаттар алмасуға мүмкіндік береді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО шеңберінде цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр", - деп атап өтті премьер-министр.
Экономикалық үдерістерді цифрландыру перспективалары талқыланған Еуразия экономикалық форумының пленарлық отырысына Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Иранның бірінші вице-президенті қатысты.
Ал Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында отырысында шағын және кеңейтілген құрамда сауда, көлік және логистика, АӨК салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың бірлескен шаралары қаралды.
Бақытжан Сағынтаев Digital Union идеясы туралы айтты