АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Ақмола облысында полицейлер мен құтқарушылар ваннадан шыға алмай қалған қарт кісіні құтқарып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.
1 қазанда Ақкөл қаласында тәртіп сақшылары өзінің жуынатын бөлмесіндегі ваннаға батып кете жаздаған 70 жастағы ер адамды құтқарды.
Полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, ағасының 30 қыркүйектен бастап байланысқа шықпағанын айтқан. Әпкесі жалғыз тұратын ағасының денсаулығына алаңдағанын айтты.
Полиция қызметкерлері Абылай Дәукенов, Арай Бек және Демежан Серсенбаев дереу көрсетілген мекенжайға барды, сондай-ақ оқиға орнына ТЖ бөлімінің қызметкерлері келді.
Үйге келген полицейлер есіктің ішінен құлыпталғанын көріп, пәтерге терезе арқылы кірген.
Топ ішке кіргенде жуынатын бөлмеде суық судың ваннадан төгіліп жатқанын көрді. Қарт кісінің құлап, кранды жұлып алып, өздігінен ваннадан шыға алмағаны белгілі болды.
Полиция мен құтқарушылардың уақытылы көмегінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алынды. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.