Жамбыл облысында мейрамхана өртенді: 250 адам эвакуацияланды

Sputnik
АСТАНА, 30 қыркүйек - Sputnik. Жамбыл облысында Б.Момышұлы ауылында орналасқан 2 қабатты мейрамханадан өрт шықты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Мәлім болғандай, құтқарушылар 250 адамды эвакуациялады. Екі қабатты мейрамхананың шатыры жанып, 400 шаршы метр алаңдағы 2-ші қабаттың шағын залына көшкен.
Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 60-қа жуық адам, жедел құтқару жасағы, апаттық медицина орталығының өкілдері, психологтар және 12 техника жұмылдырылды.
Өрт салдарынан 4 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуі ауруханаға жатқызылып, көмірқышқыл газымен уланған үш адам дәрігерлердің бақылауында.
Өрттің себебі анықталып жатыр.