Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы қақтығыс қалай аяқталады – Батыс болжам жасады

Sputnik
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Батыстағы саясаткерлер Украинадағы қақтығысты тек келіссөздер арқылы аяқтауға болатынын жиі айта бастады.
Ресеймен Ыстамбұл қағидалары негізінде келісім жасау қажеттігін де мойындап отыр. Бұл туралы британдық саясаткер Анатоль Ливен UnHerd порталына берген сұхбатында айтты.
"Батыстың ресми тұлғалары бұл қақтығыстың Ыстамбұлда уағдаласқан шарттарға жақын келісіммен аяқталатынын жиі мойындай бастады. Осы келісім текетірестің алғашқы апталарында талқыланған болатын", - деді сарапшы.
Оның айтуынша, Украина бейтарап мәртебеге қатысты келісімді рәсімдеуге мәжбүр болады. Аумақтық тұтастық пен қауіпсіздікке сияқты халықаралық кепілдіктер де берілуі шарт.
"Киевте Украина үшін ең дұрысы осы-ау деген келісімнің белгілері көптеп көріне бастады", - деп атап көрсетті Ливен.
Бұған дейін РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің Украинадағы қақтығысты реттеу үшін "Ыстамбұл қағидаттарын" қайта қарауға дайын екенін мәлімдеді. Бірақ "жаңа реалиялар" ескерілуі шарт. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысының бұрынғы орынбасары Виктория Нуланд Украинаның америкалықтар мен британдықтармен консультациялар өткізгеннен кейін Ыстамбұл келісімдерінен бас тартқанын мойындағандай болды.
Оның айтуынша, Киевтің батыстағы әріптестері Ресейдің басты шартын тиімсіз деп санады. Мәскеу Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуді ұсынып отыр. Ол үшін Киев өз әскерін Ресейдің жаңа аймақтары - ДХР, ЛХР, Херсон мен Запорожье облыстарынан шығаруы қажет. Сондай-ақ, Украина НАТО-ға кіруге қатысты жоспарынан бас тартуы шарт.
Владимир Путин осы талаптар орындалса, әскери іс-қимылдар бірден тоқтатылатынын айтқан. Ал Зеленский бұны ультиматум деп қабылдады. Украина қарулы күштері Ресейдің Курск облысына шабуыл жасағаннан кейін Путин екіжақты келіссөздерді бастауға болмайтынын мәлімдеді.
Артынан оның көмекшісі Юрий Ушаков президенттің бұған дейінгі бейбітшілікті орнатуға қатысты ұсыныстарды жойылмағанын айтты. Бірақ әзірше Ресей Украинамен сөйлеспейді. Қыркүйекте өткен Бүкіләлемдік экономикалық форумда Путин Украинамен арадағы келіссөздер Ыстанбұл келісімдері негізінде ғана жүргізілетінін мәлімдеді.