АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. 1 қазанда үш облыста жылу беру маусымы басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана қаласында жылу беру маусымы басталды. Ал ертең, 1 қазанда Абай, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында жылу беріледі деген жоспар бар.
"Барлық электр станциялары жылыту маусымының басталуына дайын, негізгі жабдықтармен, соның ішінде қазандықтармен және турбиналармен қамтамасыз етілген. Энергия көздерінің қоймаларындағы отын қоры 5,2 млн тонна көмір мен 89 мың тонна мазутты құрайды, бұл жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді",- делінген ресми хабарламада.
2024 жылы 20,8 мың км электр беру желілерін, 422 қосалқы станцияны және 4054 тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу жоспарланған болатын. Қазірдің өзінде 19,9 мың км электр желілері,
376 қосалқы станция және 4046 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделді. Ал 546 шақырым жылу желілерінің 94,6 проценті жөнделіп бітті