Астанада жалған түбіртек жасаған ер адам 10 жылға сотталды

Ол жазадан жалтару үшін уәкілетті органға айыппұлды толық төлегені туралы жалған құжат ұсынған
Sputnik
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Астанада алаяқтық және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу ісі бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
2018 жылы сот үкімімен пара берушіге 672 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Ол жазадан жалтару үшін уәкілетті органға айыппұлды толық төлегені туралы жалған құжат ұсынған.
Қалалық прокуратура заңсыз әрекетті анықтап, сотталған ер адамның жазасын айыппұлдан 10 жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырды.
Сотталушыға миллиондаған айыппұлды төлеуден жалтаруға көмектескен тұлға да ұсталды. Оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылға темір торға қамалды. Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналыса алмайды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.