АЭС Балқаш көлінің деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді – Нұржігітов

Салқындату үшін бір су бірнеше мәрте пайдаланылады
Sputnik
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Жүргізілген есептеулерге сәйкес, атом электр станциясының қажеттілігі үшін су тұтыну көлемі Балқаш көлінің деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді. Бұл туралы Қазақстанның су секторын дамыту жөніндегі серіктестердің үйлестіру кеңесінің отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.
"Салқындату үшін бір су бірнеше мәрте пайдаланылады. Сонымен қатар пайдаланылған су басқа су нысандарына жіберілмейді. Біздің министрлік көл деңгейі мен атом электр станциясының су тұтыну көлеміне тұрақты мониторинг жүргізеді. Оның ішінде су ресурстары ақпараттық-талдау орталығында деректерді жинау және есепке алу құралдарын енгізу арқылы да есеп жүргізеді", - деді Нұржігітов.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Балқаш көліне 12 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл қалыпты деңгейді ұстап тұру үшін жеткілікті.
Қазақстандағы АЭС құрылысы және одан әрі пайдалану МАГАТЭ бақылауында болады – депутат