АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Владимир Мединскиймен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Пікір алмасу барысында мәдени-гуманитарлық саладағы қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығы айтылды.
Ерлан Қарин мен Владимир Мединский Қазақстан-Ресей арасындағы гуманитарлық бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу соңында тараптар қос мемлекеттің өзара тиімді серіктестігін нығайту жолында белсенді диалогты жалғастыруға уағдаласты.