"Мызғымас бауырластық - 2024": Тәжікстанның әскери контингенті Алматыға келді

Sputnik
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Алматы халықаралық әуежайының әскери секторына Тәжікстан Республикасының Ұлттық әскери контингенті келді.
Бітімгерлер ҰҚШҰ ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.
Тәжікстан әскери қызметшілері біздің еліміздің аумағына Душанбеден Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери-көліктік авиациясының ұшақтарымен жеткізілді.
Олар бірден жаттығу өтетін "Берег" полигонына марш жасап жетті. Онда 1 қазанда оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтеді.