АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақмола облысының аумағына ірі көлемде есірткі жеткізушінің ісіне тосқауыл қойылды, деп хабарлады Polisia.kz.
"Ақмолалық жедел уәкілдер елордада заңсыз айналымнан 34 келіге жуық марихуана тәркіледі. Бұл — қара нарықтағы құны 34 млн теңгені құрайтын 7 мыңға жуық дозаға тең. Сонымен қатар құны 5 млн теңге болатын 500-ден астам дозаға тең 2 келіден астам гашиш табылды", - деп хабарлады ведомство.
54 жастағы ер адам есірткіні өзінің үйінде ғана емес, жалға алынған жертөледе де сақтаған. Мұнда полиция қызметкерлері есірткі заттарын орауға арналған құрылғыларды тәркіледі.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.