АЛМАТЫ, 29 қыркүйек - Sputnik. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Оtyrar.kz.
Ақпараттық порталдың мәліметінше, мұндай ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған. Онда оқу орнының тағы екі лауазымды тұлғасы мен екі компанияның басшылары қамауға алынғандығы айтылған.
Экономикалық тергеу департаментінде ректорды ұстау туралы ақпаратты растады. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Департамент басшысының айтуынша, тергеудің құпиялылығына байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Іс тек мемлекеттік сатып алулармен байланысты екені белгілі болды.